[Evertype]  Alice's Adventures in Wonderland in Kazakh Home
 
 

Әлисәнің ғажайып елдегі басынан кешкендері
Älïsäniñ ğajayıp eldegi basınan keşkenderi
Alice’s Adventures in Wonderland in Kazakh

Әлисәнің ғажайып елдегі басынан кешкендері

By Lewis Carroll, translated into Kazakh by Fatima Moldashova

First edition, 2016. Illustrations by John Tenniel. Portlaoise: Evertype. ISBN 978-1-78201-175-0 (paperback), price: €13.95, £11.95, $15.95.

Click on the book cover on the right to order this book from Amazon.co.uk!

Or if you are in North America, order the book from Amazon.com!

Ана<.i> жақта,” деді Мысық, оң жақ табанын бұлғап, “Қалпақты тұрады: ана жақта,” екінші табанын бұлғап, “Наурыз Көжегі тұрады. Қалағаның бойынша біреуіне барып қайт: екеуінің де есі ауысқан.”   “In that direction,” the Cat said, waving its right paw around, “lives a Hatter: and in that direction,” waving the other paw, “lives a March Hare. Visit either you like: they’re both mad.”
“Бірақ мен есі ауысқан адамдардың арасына барғым келмейді,” деп Әлисә ескертті.   “But I don’t want to go among mad people,” Alice remarked.
“Басқа амал жоқ,” деді Мысық: “бұл жерде бәріміздің есіміз ауысқан. Менің де есім ауысқан. Сенің де есің ауысқан.”   “Oh, you ca’n’t help that,” said the Cat: “we’re all mad here. I’m mad. You’re mad.”
“Менің есім ауысқан екенін қайдан білесің?” деді Әлисә.   “How do you know I’m mad?” said Alice.
“Әрине, есің ауысқан,” деді Мысық, “олай болмағанда, бұл жерге келмес едің.”   “You must be,” said the Cat, “or you wouldn't have come here.”
Cat Clárach
Льюис Кэрролл лақап аты: Автордың шын есімі Чарльз Лютвидж Доджсон; ол Оксфордта Крайст-Черчте математикадан дәріс берген. Бұл шығарманың басы 1862 жылы 4 шілдеде Доджсон Оксфордта Темза өзені бойымен қайық есу сапарына шыққанда басталған еді. Сапарда онымен бірге Мәртебелі Робинсон Дакворт, Краист-Черчтің деканының қызы Әлисә Лидделл (он жаста), және оның апасы Лорина (он үш жаста), сіңлісі Эдис (сегіз жаста) болатын. Кітаптың басындағы өлеңде айтылғандай, үш қыз Доджсоннан әңгіме айтып беруді өтініп, ол алғашында шығарманың алғашқы нұсқасын айта бастады. Кітаптағы кейбір жасырын сілтемелер сол бесеуге қатысты еді; ол өз алдына басылым боп 1865 жылы шықты.   Lewis Carroll is a pen-name: Charles Lutwidge Dodgson was the author’s real name and he was lecturer in Mathematics in Christ Church, Oxford. Dodgson began the story on 4 July 1862, when he took a journey in a rowing boat on the river Thames in Oxford together with the Reverend Robinson Duckworth, with Alice Liddell (ten years of age) the daughter of the Dean of Christ Church, and with her two sisters, Lorina (thirteen years of age), and Edith (eight years of age). As is clear from the poem at the beginning of the book, the three girls asked Dodgson for a story and reluctantly at first he began to tell the first version of the story to them. There are many half-hidden references made to the five of them throughout the text of the book itself, which was published finally in 1865.
Жүз елу жыл өткеннен кейін Әлисәнің ғажайып елдегі саяхатының ағылшыннан қазақшаға аударылу қажетті­лігі неден туды деген сұрақ келеді: Оқырманы кім болып табылады? Күні кешеге дейін қазақ оқырмандары Кэрроллдың шығармасы немесе басқа да батыс шығар­маларымен тек орыс тілі арқылы оқып-танысқан еді. Алайда Кеңес Үкіметі құлдырағаннан бері қазақ тілінің беделі өсіп, қоғамның барлық саласында маңызды орын ала бастады. Айтып өтсек, бұл шығарманың ағылшыннан қазақшаға аударылу қажеттілігі Қазақстанның соңғы жиырма жылдықта басынан кешірген мәдени және социо­лингвистикалық өзгерістерін білдіреді.   A question will help explain why—one hundred and fifty years later—an English-to-Kazakh translation of Alice's Adventures in Wonderland is so necessary: Who is the audience? Until recently, Russian-language renditions were the sole medium through which Kazakhs came in contact with Carroll’s magnum opus, or any Western literature for that matter. In the years since the dissolution of the Soviet Union, however, the Kazakh language has begun to acquire a higher level of prestige and growing acceptance in all strata of society. Indeed the need for an English-to-Kazakh translation reflects the momentous cultural and sociolinguistic changes that Kazakhstanis have witnessed over the past few decades.
Қазақ тілінің “нормаға ену” құбылысы Әлисәнің ғажайып елдегі саяхатының осы аудармасында анық байқалады (әсіресе алдыңғы аудармалармен салыстыр­ған­да). Алдыңғы аудармада, кітаптың аты орыс тілінен тіке­лей аударыла отырып, қыздың аты Алиса деп берілсе, бұл жолғы аудармада қазақ тілінің дауысты дыбыс заңына сай Әлисә деп беріледі.   The “normalization” of the Kazakh language is manifest in this most recent translation of Alice’s Adventures in Wonderland, especially when juxtaposed with earlier renditions. Whereas the title of previous versions borrowed the Russian Алиса (Alisa) for “Alice,” this edition employs an arguably more accurate transliteration, namely Әлисә (Älïsä), which adheres to Kazakh’s front/back system of vowel harmony. Although seemingly minor, this choice coincides with the growing emphasis on “Kazakhification” of names, both foreign and domestic.
Бұл ұсақ сипаттама болғанымен, аудармашының осы нұсқаны таңдауы Қазақстанда да көп атаулардың “қазақ­шалану” бағытына көшкенімен дәлме-дәл келеді. Екі елдің тарихи қарым-қатынасын ескере отыра, кейбір сөздер әлі де орыс тілі баламасымен беріліп отырғанын байқайсыз: мысалы, ағылшын тілінен кейіпкердіңң Герцогиня деп аударылуы. Дегенмен де, жалпы айтқанда, бұл аудармада мұндай құбылыс өте сирек кездеседі: мысалы алдыңғы аудармада бір кейіпкер Королева деп берілсе, бұл жолы Мәтке деп аударылды.   Considering the historical relationship of the two peoples, it is not surprising that Russian nonetheless continues to supply some of the central vocabulary, such as Герцогиня (Gercogïnya) for “the Duchess”. Such examples constitute exceptions though, as generally speaking this version does give preference to Kazakh, for example Мәтке (Mätke) in place of Дама (Dama) or Королева (Koroleva) and Райса, Айжан, және Маруся (Raysa, Ayjan, jäne Marwsya) for “Elsie, Lacie, and Tillie” from the Dormouse’s story. These three almost archetypal Kazakh names in fact derive from a popular folk song “Он алты қыз” (“On altı qız”, “Sixteen Girls”), in which the male singer lists girls’ names in a random fashion, and thus connote an additional layer of meaning, not unlike the seemingly nonsensical English text.
—Фатима Молдашова
Вентура, Калифорния, 2016
  —Fatima Moldashova
Ventura, California, 2016

 
HTML Michael Everson, Evertype, 73 Woodgrove, Portlaoise, R32 ENP6, Ireland, 2016-10-12

Copyright ©1993-2016 Evertype. All Rights Reserved